Хадис

Кутуб ситтә, № 468

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 468 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 28
468
Кутуб ситтә, № 468 · тараудағы реті: 28Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд (р.а.)

وَعَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَزَلَتْ “وَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الْأَبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الْأَسْوَدِ”، وَلَمْ يَنْزِلْ “مِنَ الْفَجْرِ”. وَكَانَ رِجَالٌ إِذَا أَرَادُوا الصَّوْمَ رَبَطَ أَحَدُهُمْ فِي رِجْلِهِ الْخَيْطَ الْأَبْيَضَ وَالْخَيْطَ الْأَسْوَدَ، وَلَا يَزَالُ يَأْكُلُ حَتَّى تَتَبَيَّنَ لَهُ رُؤْيَتُهُمَا، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى بَعْدُ: “مِنَ الْفَجْرِ”، فَعَلِمُوا أَنَّهُ إِنَّمَا يَعْنِي اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай баяндайды: «“Ақ жіпті қара жіптен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер” деген аят алғаш түскенде, “таңның” деген сөзі әлі түспеген еді. Кейбір адамдар ораза ұстарда аяқтарына ақ және қара жіп байлап, екеуін ажырата алғанша ішіп-жей беретін. Кейін Алла тағала “таңның” деген сөзді түсірді. Сонда олар ақ жіп пен қара жіптің күндізгі жарық пен түнді меңзейтінін түсінді».1

  1. 1Бұхари, Ораза, 16-бап (1917), Тәпсір, «Бақара», 28-бап (4512). Мүслим, Ораза, 1091.